ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 38 жастағы семейлік жүгінген.
Өз сөзінде ол бейтаныс әйелдің аукцион арқылы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлікті сатып алуға көмектесемін деп 4 200 000 теңге сұрағанын айтты.
Алайда ақша қолына тиісімен алаяқ еш хабарсыз кеткен.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Өскемен қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Әйел сол ақшаға өз үйін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semeynews.kz