ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Наурыз мейрамын атап өтуде 200-ден астам іс-шара қарастырылған

Семейде 14 және 23 наурыз аралығында Наурыз мерекесін атап өту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда 200-ден астам іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев айтып берді.

14 наурыз – «Көрісу күні», 15 наурыз – «Жайлау күні», 16 наурыз – «Шежіре күні», 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні», 18 наурыз – «Игі істер күні», 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні», 20 наурыз – «Зияткерлік күні», 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні», 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні», 23 наурыз – «Жоралғы күні».

  • Наурыз мерекесі күні бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Арбатта мерекелік шаралар өтеді, бұлақтарды тазарту бойынша «Таза табиғат» акциясы, экологиялық сағат және тағы сол сияқты бірқатар шаралар жоспарлануда. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балаларын мекенжайлары бойынша құттықтау, қайырымдылық концерттері өтеді. Ф.М.Достоевский музейінде Бейімдеу орталығындағы балалар үшін мастер-класс және балалар концерті өтеді, – деп тоқталды Айдар Садырбаев.

Негізгі шаралар 22 наурызда қарастырылған, қаланың бес ауданында жиырмаға жуық киіз үйлер тігіледі, олар – орталық алаңда 9 киіз үй, М.Әуезов атындағы алаңда және «Көктем» базарының, «Силикат» ЖШС және теміржол бекеті алаңдарында әр қайсысында үш қкиіз үйден тігіледі.

Сонымен қатар, мереке күні Достық үйінде «Достық дастарханы» ұйымдастырылады, Арбатта «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмесі өтеді. Барлық алаңдарда спорттық шаралар ұйымдастырылады және спортшылардың демонстрациялық өнер көрсетулері қойылады, балалардың аттракциондары жұмыс істеп, көлікпен серуендеу және тағы да басқа балаларға арналған мерекелік шаралар жүргізілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button