Өскемен қаласы Полиция басқармасы Солжағалау ПБ кезекші бөліміне 70 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгінді. Белгісіз ер адамның алаяқтық жолмен сенімге кіріп, пластик терезелер жасап орнатып беремін деп оның 180 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгеніп алғанын полицейлерге баяндаған. Жәбірленуші қаражатты үйінде отырып-ап, санап берген болып шықты.
Жедел қаскөйді іздеуге кіріскен криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтаған. Ол 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынған жоқ.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz