ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 59 қару тәркіледі

Іздестіру шараларын жүргізу барысында ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 59 бірлік қару мен 242 ойық қаруға арналған патрон тәркіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленгендердің ішінде – ойық қарудың 9 түрі, оның ішінде шолақ қару, 1 – қолдан жасалған, 46 – тегіс ұңғылы (5 шолақ қару), газ пистолеті, травматикалық пистолет және электрошокер.

“Барлық тәркіленген қару фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы бойынша (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 22 қылмыстық іс қозғалды. Іс-шара барысында барлығы 10 569 азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша 168 бұзушылық анықталап, олар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сақтау ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша – 115 факт және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша – 53 жағдай тіркелді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button