
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 наурызда сағат 18:38-де Семейде Нұрбаев көшесінде орналасқан жер үйде өрт шығып, үйдің ағаш жабындысы, есік және терезе блоктары, сондай ақ үйдің кіреберісі, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Құтқарушылармен қызыл жалынға оранған үйден 2 газ баллон шығарылды, 70 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Дәл осындай себептермен Шемонаиха ауданы орталығында Повстанческая көшесіндегі жер үйдің соныдай-ақ шаруашылық құрылыстың ағаш бөліктері өртенді. 28-ӨСБ құтқарушыларымен 80 шаршы метр алаңдағы өрт ауыздықталды.
Жалпы жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 70-тен астам өрт орын алған.
Semeynews.kz