Жалпы, қала ет өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Бұл туралы АКҚ-өткен баспасөз мәслихатында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев айтып берді.
- Сүт өңдеу цехтары күн сайын орта есеппен 15 тонна сүт және сүт өнімдерін өндіріп, өткізеді. Тауарлық жұмыртқамен қамтамасыз етуді “SEMEI QUS”ЖШС жүзеге асырады. Екі айдың ішінде 2 млн дана жұмыртқа өндіріліп, жыл соңына дейін өнім 20 млн данаға жетеді. Өткен жылы алынған картоп өнімі 67,8 мың тоннаны құрады. Көкөніс өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында “Jolaman” КТО “Қайнарагро” ШҚ-мен 1500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз және 200 тонна қырыққабат көлемінде өнім жеткізу бойынша шарт жасалды, – деп хабарлады Нұрлан Шақабаев.
Баспасөз мәслихатында қаланы ұн және ұн өнімдерімен жеткілікті қамтамасыз ету атап өтілді.
- Жыл басынан бері “Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты” 10,2 мың тонна өнім өндірді. Сонымен қатар, “Ай-Ар” ЖШС екі айда 9 мың тонна ұн мен макарон өнімдерін өндірсе, “Элита+” ЖШС 252 тонна ұн өндіріп, “Aknankz” ЖШС 500 тонна ұнды РФ – ға экспортқа жіберілді, – деп қорытындылады Нұрлан Шақабаев.
Semeynews.kz