- Чемпионат оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі. Сондай – ақ, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге көмектеседі, – деді білім беру бөлімінің әдіскері Альфия Нигматуллина.
Балалар “Сумо”, “Кегельринг”, “Робосумо адымдайтын Роботтар” және “Танк биатлонында” жарысты.
Теміржан Жанаспаев, Әділ Қадылов , Советхан Нұрдәулет , Анатолий Митрофанов, Богдан Боровиков және Алмат Қасымхан үздік атанды.
Енді олар сәуір айында өтетін чемпионаттың облыстық кезеңінде шеберліктерін көрсетулері керек.
Semeynews.kz