ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Учаскедегі құрылысты бұзу үшін енді рұқсат алу қажет

Жаңа ережеге сәйкес, енді учаскедегі құрылысты бұзу үшін рұқсат алу қажет, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Елімізде пост-утиль және құрылыс құрылымдарын бұзу ережесі жаңартылды. Енді учаскедегі нысанды бұзу немесе қайта құру үшін, жеке және заңды тұлғаларға міндетті түрде рұқсат алу қажет.

  • Бұрын адамдар өздерінің учаскелеріндегі құрылыстарды бұзып, қорытындысын тіркеген болатын. Енді сондай нысандарды бұзу үшін, құрылымына қарамастан рұқсат алу қажет. Сонымен қатар нысан бұзылуға жататыны туралы техникалық қорытынды болу қажет. Ол қорытындыны аккредиттелген ұйым береді, – деді қалалық архитектура бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Рахымғалиев.

Қорытындыны алғаннан кейін, электронды үкімет порталы арқылы бұзуға рұқсат алу туралы арыз беріледі. Содан кейін бұзу туралы акт толтырылады. Сонымен қатар акт ХҚКО арқылы тіркеуге жатады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін жаңа техникалық паспорт әзірленеді және бұзылған құрылыстар базадан алынып тасталады. Жаңадан салынған немесе қайта құрылған нысандар керісінше базада пайда болады.

  • Заңды тұлғаларға тоқталатын болсақ, оларда аккредиттелген ұйымнан техникалық тексеруден өткізулері қажет, сонымен қатар өндірістік жұмыстың жобасы болуы керек. Құрылыстық-монтаждық жұмыстың басталуы туралы хабарлама келеді. Сонымен қатар меншік иесі бұзу жұмыстарын жүргізетін мердігермен шарт жасасады. Фирма міндетті түрде аккредиттелген болуы қажет және техникалық бақылау жүргізілуі тиіс. Нысан бұзылғаннан кейін акт толтырылады және жобаны тіркеуге өткізеді, – деп қорытындылады Нұрлыбек Рахымғалиев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button