Шығыс Қазақстан облысының аумағында көктемгі мерекелер қарсаңында (8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы) шектеу шараларының әлсіреуіне қарамастан, білім беру және тәрбиелеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының талаптарын (2022 жылғы 18 ақпандағы өзгерістермен және толықтырулармен №11 қаулы) қатаң сақтау қажеттігі туралы еске саламыз,
Алдағы мереке күндеріне байланысты балалар мен жасөспірімдер арасында коронавирустық инфекция жағдайларының жалғасып жатқанын, осы аурудың таралу қаупінің болуын ескере отырып, 25.08.2021 жылғы №36 қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) және топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Осыған байланысты, білім беру және тәрбиелеу объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен осы қаулылардың талаптарын қатаң сақтай отырып, тек бір топ, бір сынып ішінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Ата-аналарды (заңды өкілдерді), келушілерді «Ashyq» қосымшасы арқылы бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») статусы болған кезде кіруіне рұқсат беріледі.
Респираторлық инфекция белгілері бар (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары) және «қызыл» статусы бар адамдарды білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына кіруге жол берілмейді, байланыссыз термометриясы бар «кіру» сүзгісі жүргізіледі.