ҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
Семейде тұрғын үй кіреберісіне көлігін қойған жүргізуші айыппұл арқалады
Семейде тұрғын үй кіреберісіне көлігін қойған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 ақпанында М.Әуезов даңғылындағы үйлердің бірінің кіреберісіне көлігін қойған, 36 жастағы NISSAN көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚК 597-бабының 1-бөлігі бойынша (көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Айтып өтейік, аталған баптың санкциясы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Semeynews.kz