Семейде жасөспірім қызды қақты деген жүргізуші табылды
Семейде Қабылбаев көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде қыз баланы қағып, қызды көлігіне салып алып, оқиға орнынан қашып кетті деген жүргізуші табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 ақпанда Семей қ. ПБ «102» жедел арнасына куәгерлер хабарласып, 5 минут шамасында «Радуга» СҮ ауданындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 12-13 жас шамасындағы қыз баланы қағып кеткенін айтқан.
Куәгердің айтуынша, зардап шеккен қыз баланы жүргізуші көлігіне салып, белгісіз бағытқа кеткен.
Аталған факт 2020 жылғы 22 ақпанда Затон ПБ белгіленген тәртіп бойынша тіркелді.
Патрульді полиция батальонының қызметкерлерімен оқиға мұқият тексерілді, нәтижесінде 19 жастағы ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі анықталды. Зардап шеккен, 12-13 жастағы қыз бала емес, 20 жастағы студент қыз болып шықты.
Бойжеткен медициналық мекемелерге жүгінбеген, аталған факті бойынша ВАЗ-2115көлігінің жүргізушісіне шағымдары жоқ.
Сонымен қатар, аталған факті бойынша 24 ақпанда 19 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚК 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған бап бойынша 10 АЕК есебінде айыппұл төлеу көзделген.
Semeynews.kz