ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

Танысына көмектескісі келген ШҚО тұрғынының басы дауға қалды

Таныстарының өтінішіне қол ұшын созған Шығыс Қазақстан тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ағымдағы жылдың 22 ақпанында ШҚО ПД патрульдік қызмет ротасы қызметінің инспекторлары «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолының 969 шақырымында Катонқарағай ауданының 68 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

“Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полиция қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ, жалпы салмағы 20 келіден асатын 2 қап балық тапқан.

Анықталғандай, жүргізуші таныстарының өтініші бойынша балықты Катонқарағай ауданы Большенарым ауылынан Алматы қаласына апара жатқан, алайда тасымалданатын балыққа тиісті құжаттардың болу қажеттілігін білмегенін түсіндірген.

Аталған факті бойынша 68 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button