ҚазақстанҚоғамТОП

Утильалым мөлшерлемесі жарияланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роман Скляр “Хабар 24” телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді.

“Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді”, – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары “Хабар 24” телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен қатар, Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығына байланысты екенін айтты.

Қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 3 (153 150 теңге * 3 = 459 450 теңге).

Қозғалтқыш көлемі 1001-ден 2000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 7 (153 150 * 7 = 1 072 050 теңге).

Қозғалтқыш көлемі 2001-ден 3000 текше сантиметрге дейінгі көліктерге арналған коэффициент 10 (153150*10 = 1 531 150 теңге).

Қозғалтқыш көлемі 3001 текше сантиметрден жоғары автомобильдерге арналған коэффициент 23 (153 150 теңге * 23 = 3 522 450 теңге).

Жүк көліктері мен автобустарға басқа коэффициенттер қолданылады.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет “ӨКМ Операторы” ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button