ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

Автобус» ЖПІШ: Семейде қарсы бағытқа шыққан автобус жүргізушісі жазаланды

Жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні облыс аумағында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 170-тен астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Автобус” ЖПІШ алғашқы екі күнінде облыс аумағында 170 құқықбұзушылық анықталған.

Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 34 жүргізуші, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 130 автобус жылыту, электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігі тексерілді.

  • Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу арқылы басып озған Семей қаласының 41 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК – нің 596-бабының 3-бөлігі «Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, аталған баптың санкциясымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі жаза көзделген, – делінген баспасөз қызметінде.

Жүргізуші өз кінәсін мойындап, оның әрекеттерін оның алдындағы басқа автобусты басып озу ниетімен түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін “Автобус” ЖПІШ ағымдағы жылдың 2 наурызына дейін жалғасатанын хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button