ҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
«Автобус» ЖПІШ: Семейде 60 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Жедел-профилактикалық іс шарасының алғашқы екі күнінде 60 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының аумағында ағымдағы жылдың 21 ақпанынан 2 наурызға дейін «Автобус» ЖПІШ жүргізілуде.
«ЖПІШ алғашқы екі күнінде автобус жүргізушілерімен жасалған 60 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде: маневр жасау ережелерін бұзу – 8, техникалық қараудан өтпеген техникаларды пайдалану – 3. Сондай-ақ, көлік құралдарын жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 10 автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық көлікті қайта жабдықтаудың 2 фактісі анықталды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Semeynews.kz