Меншік иелері қатынасқа келмейді – Семейде бұзылған көпес үйі туралы архитектура мамандары
Семейде әлі күнге дейін жартылай қираған көпес үйінің тағдыры шешімін таппауда, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында БАҚ өкілдері Семейдегі Найманбаев көшесі 187 мекенжайы бойынша орналасқан көпес үйі туралы қызығушылықтар танытты.
“Меншік иелері байланысқа шықпайды. Оны бұзу туралы сөз болған емес”, – деп мәлімдеді қалалық қала құрылысы және архитектура бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Рахымғалиев.
Еске салайық, 2021 жылғы 16 маусымда ескі ғимаратты бұзбақ болған. Сол уақытта бірінші болып көршілері көтерілген болатын. Олар белгісіз біреу техникамен келіп, тростың көмегімен үй қабырғасын бұзбақ болғанын көрген.
Естеріңізге сала кетейік, ғимарат иесі оның жанына сауда үйін тұрғызған және ғимаратты бұзып, орнына көпқабатты үй салмақ болған. Семей қаласында болған жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіпкермен кездесіп, жүздесу барысында құрылысты бастапқы қалпына келтіруге билік тарапынан қаражат бөлінетінін айтты. Сонымен қатар ол, жергілікті атқарушы орган ғимараттың тарихи құндылығын растау үшін қажетті құжаттарды дайындағанын жеткізді.
Semeynews.kz