ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде ЖТҮ үшін жер телімдерінің кезегінде 23-нан астам адам кезекте тұр

Жеке тұрғын үй құрылысымен аумақтарды игеру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту 3 кезеңге бөлінген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қалалық сәулет және архитектура бөлімі басшысының орынбасары Асхат Бәкіров айтып берді.

  • Бірінші кезең – 2 тұрғын үй алабы: көлемі 322 га, 1695 жер телімі, Ұшақтар (765 жер телімі, 162 га) және Комсомол кенті (930 жер телімі, 160 га). Іске асыру  кезеңі 2019-2022 жыл. Екінші кезең – 1  тұрғын алабы, алаңы 396 га, 1700 жер телімі,  Ақсай тұрғын алабында  (1700 жер телімі, 396 га). Іске асыру  кезеңі  – 2022-2026 ж.ж.. Үшінші кезең – 9 тұрғын үй алабы, көлемі 3352,3 га, 10 320 жер телімі. Қаланы толғымен қамту үшін Шығыс кентіне, Белібаев (бұрынғы – Дальний) көшесіне, Птицефабрика кентіне,  Кызыл кордон, Мирный кенттеріне, Былғары тері зауыты, Пристань, Борцов революции, Нахаловка аудандарына, Батыс және Водный кенттерін, Бейбітшілік аралына нақтылы жоспарлау жобаларын әзірлеу қажет. «Қарағайлы»  тұрғын ауданына арналған нақтылы жоспарлау жобасы әзірленген. Осы ауданды инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдармен, көше-жол тораптарымен, әлеуметтік – мәдени маңызы бар нысандармен қамтылған, бірініші қабаттарында қызмет көрсету нысандары 227 көп қабатты  тұрғын үй салу қарастырылған, – деді Асхат Бәкіров.

Жалпы алғанда, биылғы жылы Семейде жеке инвесторлар есебінен көпқабатты 15 тұрғын үйді тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар Қарағайлы ықшам ауданында бюджет қаражаты есебінен 16 несиелік үй және 13 коммерциялық үй салу жоспарланған, оның ішінде 5 үй ФМТҚ арқылы және 8 үй “Ертіс ӘКК”ҰК” АҚ-мен бірлесіп салынбақ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button