Еске салайық, 2022 жылғы 10 ақпанда Семей қаласында 648 км мекен жайында екі үй иесінің үйі өртенді. Аталған мекен жайда кіреберіс бөлменің төбесінің ағаш құрылымдары, терезе мен есік блогы, жиһаз өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жақын жерде тұратын туысы Андрей Матвеев өртті байқап, көмекке асықты. Қатты түтінге оранған тұрғын үй-жайда 1954 жылы туған ер адам қалып қойған екен. Андрей атты азамат қобалжымай, терезені лезде шағып, түтінге оранған үйге кірді. Кірген бетте еденде ол үй иесін тауып, оны таза ауаға шығарды. Ер адам күйік және жану өнімдерімен уланған және жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін үйде қалдырылды.
Өрт орнына дереу келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Андрей 41 жаста, оның 2 баласы бар.
Semeynews.kz