ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте, 21 ақпанда облыс аумағында үш өрт тіркелген.
Бірінші оқиға Алтай қаласында орын алды. Малеевская көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде, тұрғын үймен бір шатыр астында жанама орналасқан дәліздің ағаш бөліктері, төбе жабындысы, есік бөлігі және жиһаздары өртенген. Оқиға орнына келген құтқарушылармен 9 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – пешты орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Екінші оқиға Ұлан ауданында орын алды. Қасым Қайсенов кентінде, Мирный көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің дәлізі, үйдің төбе жабындысы өртенген. Құтқарушылармен 30 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау сөндірілді. Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Дәл осындай себеппен облыс орталығында тағы бір өрт оқиғасы орын алды. Прапорщикова кентінде құрылыс аумағындағы металл вагон үйінде ішіндегі құрылыс құралдары өртенген. 18 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Semeynews.kz