ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы полиция басқармасының “102” жедел арнасына әйел адамның Үлбі өзеніне батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Оқиға орнына келген Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері жағадан 3 метр қашықтықтағы жұқа мұз үстіндегі әйелді көріп, көмекке ұмтылған. Ол оған құтқару шеңберін лақтырып, әріптесімен бірге әйелді судан алып шыққан. Оқиға орнына ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылары келіп әйелді арнайы автокөлікке жеткізіп, оған жылы киім мен аяқ киім берген. Содан кейін зардап шеккенді тоңазу белгілерімен тез арада жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.”, – делінген ведомсвто хабарламасында.
Semeynews.kz