Семейде ескі кірпіш зауытының қирандылары табылды
Семейлік өлкетанушылар қала аумағында ескі кірпіш зауытының қирандыларын тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Прииртышье” өлкетану қоғамының хабарлауынша, ескі кірпіш зауытының қирандылары Дальняя кентіндегі қалалық метеостанса аумағынан табылған.
“Өте үлкен ғимарат. Ішінде шамамен 20 жеке секция бар, яғни кіші пештер. Ол жерде күйдіру жүргізіліп, кірпіштер шығарылған. Ол жерде патша замамындағы және кеңестік дәуірдегі кірпіштер бар. Мүмкін зауыт патша заманында іске қосылған. Жанама құрылыстар салынған, кеңейтілген және жаңартылып отырған”, – деп түсіндірді “Прииртышье” өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов.
Сонымен қатар өлкетанушы зауыт орналасқан жер шымтезекке бай. Кірпішті күйдіру үшін шымтезек пайдаланылған болуы мүмкін. Бұл ауданда тіпті Торфяная көшесі бар.
“Ол жерде қызықты құбарда бар. Саркофагтың өзінде кірпішпен қапталған дөңгелек тесік бар екен. Бұл жылуды шығару үшін ауа немесе құбыр үшін болуы мүмкін. Бір қызығы, бәрі де кірпішпен әдемі қаланған”, – деп қосымшалады М.Сасанов.
Өлкетанушылар алдағы жазда ескі кірпіш зауытына тағы бір мәрте барып, оны түпкілікті зерттемек.
Semeynews.kz
Фото: «Прииртышье» өлкетану қоғамынан