Семей қалалық № 2 соты баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылғы 11 қарашада құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеуші С., жедел уәкіл Р., криминалист Н., жедел топ құрамында бола тура оқиға орнын тексеру және мәйітті қарау кезінде алынған ұялы телефонды оқиға орнын тексеру хаттамасына енгізбеген. Қызметкерлер С., Р., Н., К. билікті және лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, алдын- ала сөз байласу арқылы «Kaspi.kz» қосымшасын пайдалану арқылы жәбірленушінің 120 000 теңге ақшалай қаражатын ұрлаған.
«Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, сот қылмыстын құқықбұзышылық жиынтығы бойынша сотталушы С., Н., Р. 5 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы шендерінен айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы К. қылмыстың құқықбұзышылық жиынтығы бойынша, жеңілдетілген мән –жайлар шын жүректен өкінгені, қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына белсенді ықпал еткені, бұрын сотты болмағаны, жақсы мінезделгені, жас баласы бары және жәбірленушінің бас бостандығынан айырмау туралы пікірін ескеріп, 5 жылға шектеу жазасы, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы шендерінен айыру жазасы тағайындалды», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Semeynews.kz