ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 3 ақпанында Зайсан ауданының полицейлері Зайсан қаласын патрульдеу кезінде ВАЗ автокөлігін тоқтатты, оның басқаруында Күршім ауылының 38 жастағы тұрғыны болған. Көлік құралын тексеру кезінде қызметкерлер тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 30 келі әртүрлі балық тапқан.
Балықты заңсыз тасымалдаудың тағы бір фактісін тәртіп сақшылары 8 ақпанда республикалық маңыздағы «Омбы – Майқапшағай» тасжолында анықтады.
ШҚО ПД ППБ қызметкерлері 42 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті құжаттарсыз әр түрлі балықтармен толтырылған 2 қап табылды. Нәтижесінде 6 келі табан балық пен 2 келі шортан алынды. Шығын 19 296 теңгені құрады.
Келесі күні құқық қорғаушылар Зайсан көлінің жағасында осындай оқиғаның жолын кесті.
9 ақпанда учаскелік полиция инспекторы «Охотзоопром» РМҚК инспекторымен және Көкпекті балық инспекциясының қызметкерімен бірлесіп, Зайсан көлінің солтүстік-батыс учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта 34 жастағы ер адамның басқаруымен УАЗ автокөлігін тоқтатты. Облыс тұрғынының көлігін тексерген кезде: 4 келі көксерке, 18 келі шортан, 50 келі табан, 2 келі мөңке табылды. Мемлекетке келтірілген залал 230 827 теңгені құрады.
Аталған үш факті бойынша жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша тәртіп бұзушыларға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еске сала кетейік, облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ 15 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін жалғасады.
Semeynews.kz