Өскеменде екі саяжай тұрғыны қылмыстық топтың құрбанына айналды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, «Звезда» бау-бақша серіктестігінде орналасқан саяжай учаскесінен белгісіз біреулер құны 100 000 теңгеге бағаланған мыс кабельдерін ұрлағанын айтып арызданған.
Көп ұзамай дәл осындай ұрлық жасалғанын туралы, жәбірленушінің 64 жастағы көршісі хабарласты. Ол саяжай үйнен белгісіз адамдар құны шамамен 120 000 теңге тұратын титан су құдығын ұрлап кеткенін жеткізген.
Жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған ұрлықтарға қатысы бар адамдарды анықтады.
Күдіктілер 28, 35 жастағы төрт ер адам. Олар жауап алу барысында ұрлыққа барғандарын мойындаған.
Ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 – бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көздейді.
Semeynews.kz