ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер 851 қылмысты ашты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 31 адам ұсталды. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 адамның орналасқан жерін анықтады, оның ішінде 9 адам «өткен» жылдардың қатарынан. Барлығы 11 000 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

“Тексеру барысында көлік басқарған 34 жастағы Көкпекті ауданының тұрғыны бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігі – «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасап, басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адамға 214 410 теңге айыппұл салынды”,- делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол бермеуге шақырады.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button