ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06 шамасында Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың бірінде өрт сөндіру қызметіне қойма жанып жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. Қойма ашық жалынмен жанып жатты. Қойма ішіндегі 2 жүк автомобилі мен 1 жеңіл автокөлік отқа оранды. 08 сағат 16 минутта құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 200 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Semeynews.kz