«Біз семейліктер, жалпы Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындары өзінің сағат белдеуінде тұрмайды. Мен түсіндірейін. Жазда, ең ұзақ күндері, сағат 21:00-де қараңғы түсе бастайды, шамдарды қосып, үйге кіреміз, үйге балаларды кіргіземіз және тағы сол сияқты. Сағат 21:30-да далада қараңғы. Ал таңғы сағат төртке қараған шақты жарықтанып, сағат 04-те күн шығып, оның пайдалы сәулелері жерге төгіледі, ал біз болсақ ұйықтап жатамыз! (Адамдар үшін ұйқының биологиялық нормасы 8 сағатты құрайды, жаз үшін сағат 23:00-ден таңертеңгі 07:00-ге дейін) Адамдар сағат 09:00-де, көпшілігі сағат 10:00-де (базар жұмысшылары) жұмысқа бара жатқанда күн сәулесі еркелетпейді, керісінше күйдіреді», – деп жазды Ростислав Польковский.
ШҚО үшін зейнеткер сағат белдеуін бір сағатқа алға жылжытқанды ұсынады. Тіпті былтырғы жылы сағат тілін бір сағатқа жылжытқан Волгоград облысын мысалға келтіріп өтті. Оның үстіне зейнеткер осындай ұсыныс жасағаны үшін оған барлық шығысқазақстандықтар алғыс білдіретініне толық сенімді.
«Ал біздің көшуімізге ШҚО-ның миллиондаған тұрғындары алғыс білдіретін болады, ал Өскемен, Зырян және де басқа қалалар мен кенттер бұдан да нашар жағдайда өмір сүреді, оларда күн Семейге қарағанда әлдеқайда ерте батады», – деп сенімділік танытты зейнеткер.
Сонымен қатар автор жаңашылдықтың артықшылықтарын айтты: адамдардың денсаулық жағдайын жақсартудан (қалайша екені хатта көрсетілмеген), криминогендік жағдайды жақсартуға және электр қуатын шағын үнемделетініне дейін.
«Бір кемшілігі де бар. Егер бір үлкен астаналық шенеулік сағат 18-де біздің шенеулікпен сөйлескісі келсе, оны жұмыс орнынан табу екіталай, бірақ бұл таза арифметика, қайсысы көп: бір үлкен, немесе миллион, дені сау?
Міне, менің өтінішім мынандай: жоғарыда айтылғандарды ШҚО тұрғындарымен ақылдасу және 22 наурыздан бастап (мектеп демалысында) жаңа сағат белдеуіне көшу», – деп жазды Ростислав Польковский.
Бұл идеяны, қабылдауына зейнеткер хабарласқан қалалық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Рахатқызы қолдады.
«Жүгінуі барлық шынайылыққа сәйкес келеді және бұл экономикаға да, халықтың денсаулығына да оң әсерін тигізеді. Хат бүгін облыс әкімінің атына жолданды, Қазақстанда осындай прецедент болған екен, осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда өз сағат белдеуіне көшкен», – деп түсіндірді депутат.
Semeynews.kz