ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

ҰҚК: Алматыда 149 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Semeynews.kz ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button