ШҚОҚоғамТОПШҚО

Павлодарда жоғалған жасөспірім Өскеменде табылды

Павлодарда жоғалған 17 жастағы бозбала Өскеменде табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен полицейлері Павлодарлық әріптестерінен бозбаланың жоғалғаны туралы хабарлама алған. Хабарламада 15 ақпанда сағат 13:32 шамасында Павлодар қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 2004 жылы туған кәмелетке толмағанның жоғалып кеткені туралы арыз түскені көрсетілген.
Полицияға Көлік және коммуникация колледжі директорының орынбасары шағымданған. Баланың кетер алдында жазып кеткен хаты барлығын әбігерге салған. Колледж басшылығы кәмелетке толмаған Өскеменге кетуі мүмкін деген болжаммен полициядан көмек сұраған.

Әрине, оқиға орнында баланың барлық ықтимал байланыстары қарастырылған. Полиция қызметкерлері жоғалған баланың достарымен және таныстарымен сөйлесу барысында, олар чаттағы қоштасу хабары туралы және жігіттің Өскеменге дейін ақша алып, таксиге тапсырыс бергені туралы айтқан. Әлеуметтік желілердегі достарының хабарламаларына,  қоңырауларына бозбала жауап бермеген, тек колледж психологының хабарламасына  «бәрі жақсы» деп жауап беріп және оны іздеп жатқаны туралы білетінін айтқан.

«Бізге Павлодарлық әріптестер хабарласқаннан кейін кәмелетке толмаған баланы іздеуге Өскемен полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел әрекет етудің арқасында Ертіс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары кәмелетке толмағанды тапты. Ол Қабанбай батыр көшесінің маңында болған», – деп түсіндірді Өскемен қаласы полиция басқармасында.

Кәмелетке толмағанның айтуынша ол Өскеменге өзінің танысына келген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button