Глубокое кентінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай 50 жастан асқандар арасында волейболдан дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпіренен бірнеше команда келді. Бірнеше сағатқа созылған ойын барысында ойыншылар өздерінің тартымды ойындарымен көрермендердің көңілдерінен шыға білді.
Жарыста көрермендер көп болды, әсіре жас буын.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды – Күршім ауданының командасы жеңіп алса, екінші орынды – Семей қаласының командасы қанжығасына байлады, ал командалық бәсекелестікте Глубокое ауданының командасы топ жарып, бас жүлдені иеленді.
Семей командасының бас бапкері – Айжаксин Олжас.
Semeynews.kz