ҚоғамСемейТОП

Семейде Абай музейі жанында орналасқан гүл павильонының орны ауыстырылады

Абай музейінің жанына орналастырылған гүл павильоны алынып тасталады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік желілерде Абай музейі жанында орналасқан гүл павильонының фотосы кең таралуда. Оны өткен жылдың соңында орналастырған болатын. Қалалықтардың айтуларынша, гүл павильоны қаланың архитектуралық келбетін бұзады және ұлы ойшылдың жаңартылған музейінің келбетін жауып тұр.

Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов бұл киоск бұрында болғанын, бірақ ол автобус аялдамасында тұрғанын айтып өтті. Абайдың мерейтойы қарсаңында қайта құру жұмыстары жүргізілуіне байланысты павильон музейдің іргелес аумағынан шығарылды.

“Киоскіні біз ол жерден алып тастадық, ал содан кейін жанына қойдық, бірақ ол жер жасыл аймақ болып шықты. Енді павильонды сауда үйінің алдындағы алаңдардың бірінің алдына орналастырамыз. Біз архитектура бөлімімен бірлесе отырып бір-екі орын анықтап қойдық”, – деп түсіндірді Құдайберген Сейілханов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button