Жер учаскелерін бермеудің басты себептері, жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті инженерлік коммуникациялар алаңының болмауы. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов айтып берді.
- 2021 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 48 жер учаскесі берілді. Сонымен қатар «Семей Құрылыс материалдары» жолдастығы шектеулі серіктестігіне «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 10 жер учаскесі берілді, ол жерлерде 10 тұрғын үй бой көтерді. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында «Семей Құрылыс материалдары» ЖШС-ға ЖТҮ үшін қосымша 75 жер учаскесі берілді. Қалған учаскелер 2022 жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жүзеге асыру үшін резервке алынды, – деп хабарлады Құдайберген Сейілханов.
Сонымен қатар, өткен жылдан бастап мемлекеттік мүліктер реестрінің веб-порталында жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша бес электронды сауда өтіп, 119 жер учаскесі қойылды, оның 76 сатылғаны айтылды. Сатудың жалпы сомасы 220,1 млн теңгені құрады.
Semeynews.kz