Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов айтып берді.
- Тұрғылықты мекендердегі жерді аймаққа бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскесіне төленетін базалық мөлшерлемелерге түзету коэффиценттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Семей жеті аймаққа бөлінді. Олардың саны бірнеше ұқсас аймақтарды біріктіру жолымен 38-ден жетіге азайтылды. Ол жерлерде тіршілік әрекетінің нысандары функционалдық мақсаттарына байланысты шоғырланған, – деп мәлімдеді Құдайберген Сейілханов.
Қаланы аймаққа бөлі қаланың Бас жоспарына және рента құраушы факторларға сәйкес жасалғаны айтылды. Қала орталығынан алшақтығы, инфрақұрылымы, аббаттандырылуы және экологиялық жағдайы ескерілген.
Semeynews.kz