ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО құтқарушылары өртенген үйден ер адамды құтқарды

Риддерлік өрт сөндірушілер өрт кезінде ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддерде Боровая көшесіндегі 3 бөлмелі жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде үйдегі жиһаздар, жеке заттары, шатыры өртке оранған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау жүргізу кезінде дәліз еденінде жатқан ер адамды тауып, 1980 жылғы ер адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 3 газ баллонын шығарды, 36 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

ШҚО ТЖД үйлер мен пәтерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button