ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан бастап облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖААШ жүргізілуде. Іс-шара басталғаннан бастап 807 қылмыс жасалды, ізін суытпай олардың 537 ашылды, сонымен қатар бұрын жасалған 185 қылмыс ашылды.
Іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды. 31 бірлікте заңсыз сақталған қару тәркіленді.
Жедел шара барысында облыс орталығы тұрғынына кідірткісіз тінту жүргізу кезінде оның гаражынан 2007 жылы шығарылған, №П-57197, «Наган» револьверіне ұқсас зат, порошок түсті зат толтырылған темір ыдыс, қорғасын шарлары салынған шыны ыдыс, «Жевело» атаулы капсула салынған 2 қорапша табылып, тәркіленді.
Маман қорытындысына сәйкес, револьверге ұқсас зат – жеті оқты, калибрі 8 мм, қысқа тегіс ұңғылы атыс револьвері болып табылды. Қару дыбыстық дабыл беруге арналған, аталған револьвер зауытта шығарылған, ал бұл қаруды өзгерту қолдан жасалған. Қару атуға жарамды.
Облыс орталығының 69 жастағы тұрғынына ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар, аталған мерзімде 11 048 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Semeynews.kz