БілімҚоғамСемейТОП

Семейде соңғы 3 жыл ішінде инклюзивті оқыту сыныптарының саны артты

Семейдегі 62 мектепте 33 инклюзивті оқыту сыныптары ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz

Бұл ретте №20, 4 және 42 мектептер жанындағы түзету сыныптарында балаларды қамту ұлғаюда. Екі жыл ішінде №4 және 20 мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған ресурстық орталықтар ашылды. Толығырақ АКҚ-өткен баспасөз конференциясында қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Бұлабаев айтып берді.

  • №17 және 36 мектептерде аутизм спектрі анықталған балаларға арналған екі кабинеті, сондай-ақ №49 мектепте психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. 16 балабақшада инклюзивті тәрбие мен оқытудың 24 тобы құрылды. 6 балабақшада 13 түзету тобы жұмысын жалғастыруда, – деді Біржан Бұлабаев.

Сондай-ақ, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары “дабыл тетіктерімен”, бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button