Қаһарлы соғыстан Отанына қайтып оралу әркімнің тағдырына бұйырмады, 15 мыңға жуық кеңестік сарбаздар өмірімен қоштасты. Қазіргі заман тарихи құжаттама орталығында мемлекеттік сақталудағы құжаттарда соғыстан қайтып оралмаған біздің жерлестеріміз туралы мәліметтер бар.
Аюченко Олег Петрович (1963-1982 жж.) – сержант, өздігінен жүретін зениттік қондырғы командирі. Семей қаласының тумасы. 74 орта кәсіптік техникалық училищесін тәмамдаған. Марқұмның тұңғыш ұстазы Манаенко Мария Григорьевна былай деп еске алды: «Оның мінезіндегі ең маңызды қасиет мейірімділік пен жауаптылық болды….». Училищені аяқтағаннан кейін Олег жарықтандыру және күштік желілердің электромеханигі мамандығын алды. Қарағанды қаласында тәжірибеден өтті, сол жақтан 1982 жылы наурызда Кеңес Армиясының қатарына шықырылды, содан кейін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына аттанды.
1982 жылғы 11 маусымда Файзабад қышлағы маңында автокөлік колоннасы оқ астында қалды. Сержант Аюченко, алып жүру тобымен қондырғысының жанында болып, жылдам бағдарланып, оқ атып жатқан көтерілісшілерге оқ жаудырды. Содан кейін көтерілісшілер оқты сержант Аюченконың қондырғысына бұрды. Олег, қатты жараланып, соңғы күшін жинап жау нүктесін көздеп, оқ атып үлгерді. Олегпен атылған соңғы оқтан жау шоғырланған атыс орнының талқаны шықты. Ерлігі мен батылдығы үшін ОлегАюченко қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Интернационалист-жауынгерге ризашылығын білдірген ауған халқынан» медалімен марапатталды.
Байғабылов Қайрат Оралбекұлы (1967-1988 жж.) – қатардағы, атқыш-гранатометші. Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылының тумасы. 1986 жылғы 15 қарашада Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, 1987 жылғы қаңтарда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына аттанды. Бірнеше мәрте жауынгерлік операцияларына қатысқан. Кезекті жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауыр жараланып, 1988 жылғы 19 мамырда алған жарақатынан көз жұмды. Қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Бангерт Андрей Егорович (1960-1980 жж.) – ефрейтор, БМП механик-жүргізушісі. Бородулиха ауданы Сосновка ауылының тумасы. Кеңес Армиясының қатарына 1978 жылғы қаңтарда шақыртылған. Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі сержанттар мектебіне жолданып, оны аяқтағаннан кейін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды.
1980 жылғы 8 мамырда ұрыс кезінде атыс алаңынан өтіп, жараланған жолдастарына көмек көрсеткен. Жаралы жауынгерлердің эвакуациялануына мүмкіндік беріп, жаудың оқтарын өзіне қабылдап, атыс барысында қаза тапты. Андрей Бангерттің ерлігі ескеріліп, қайтыс болғанан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалімен марапатталды.
Белякин Николай Геннадьевич (1963-1982 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Бесқарағай ауданының кіші Владимировка ауылының тумасы. 1981 жылғы сәуірде әскер қатарына шақыртылып, сол жылдың маусым айында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына аттанды. Бірнеше мәрте рейстер жасап, әскери бөлімдерге түрлі мақсаттағы жүк тасымалдады. 1982 жылғы 13 ақпанда әскери міндеттерін орындау кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Бұлақбаев Төлеген Кәменғазыұлы (1969-1988 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Абай ауданы Саржал ауылының тумасы. Мектептен кейін аудандық әскерилендірілген автомектепте жүргізушілер курсынан өтті. 1987 жылғы 14 мамырда әскер қатарына шықырылып, сол жылдың қараша айында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды.
Кеңес-ауған шекарасы арқылы оқ-дәрі, азық-түлік және түрлі мақсаттағы жүктерді тасымалдауға қатысқан. 1988 жылғы 6 қазанда осындай рейстердің бірінде ауыр жараланып, 10 қазанда алған жарақаттан көз жұмды. Ерлігі мен интернационалдық борышына адалдығы үшін, қайтыс болғаннан кейін Төлеген Бұлақбаев Қызыл Жұлдыз орденімен, «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист-жауынгерге ризашылығын білдірген ауған халқынан» медальдарымен марапатталды.
Буренков Анатолий Анатольевич (1960-1980 жж.) – ефрейтор, БМП көздеуші-операторы. Семей қаласының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін 18 Семей кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түскен. Үнемі спортпен шұғылданып, әсіресе футболмен шұғылданған. Бала кезінен футбол командасының құрамасында өнер көрсетіп, «Былғары доп» клубының мүшесі болған.
1978 жылғы 12 қарашада Анатолий Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Отардағы жаттығу орталығында дайындықтан өтті, содан кейін Ош қаласында әскери қызмет өткерді. 1979 жылғы желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына аттанды. 1980 жылғы 18 сәуірде Буренков әскери қызмет өткеріп жүрген БМП экипажы Файзабад қаласының шетіндегі типографияны күзеткен. Сол күні түнде олар маңызды нысанды басып алмақ болған көтерілісшілермен ұрысқа түседі. Ұрыста 11 көтерілісші қаза тапты, олардың екеуін А.Буренковтың жеке өзі өлтірген. Дұшмандар,лайықты қарсыластыққа тап болып, көптеген шығындармен тауға қашуға мәжбүр болды. Жеңілістеріне ашуланған олар шатқалдағы бөгетті жарып жібереді, жиналған сел қатты жылдамдықпен БМП техникасын өзенге жуып әкетті. Экипаж түгелдей қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Анатолий Буренков Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Веретельников Александр Иванович (1962-1982 жж.) – сержант, шекара әскері мотоманевр тобының миномет командирі. Семей қаласының тумасы. 1980 жылғы 27 қазанда Кеңес Армиясының қатарына шықырылып, Ауғанстан Демократиялық Республикасына Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында 2066 әскери бөлімінде әскери қызмет өткерді. 1982 жылғы 5 қарашада қолбасшылықтың тапсырмасын орындау барысында дұшмандар тобымен ұрыс кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Александр Веретельников Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Грищенко Владимир Анатольевич (1959-1980 жж.) – сержант, барлау бөлімшесінің командирі. Семей қаласының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін Путьрем-9 құрылыс пойызындағы комсомол-жастар бригадасында жұмыс істеген.
1978 жылғы 10 қарашада Кеңес Армиясының қатарына шықыртылады. 1980 жылғы қаңтардан бастап Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерген. 1980 жылғы 8 маусымда бөлімше басында Саманган провинциясының Асиабад қышлағы маңында тапсырма орындады. Көтерілісшілер барлаушылардың бақылау пунктін байқап қойып, оқ жаудырады. Кеңес қолбасшылығымен бақылау бекетін басқа жерге ауыстыру туралы шешім қабылданады. Владимир басқарған бір топ әскерилер дұшмандармен жасалған қоршауға тап болады. Жау күшінің көп болды, топ құрамындағы төрт кеңес әскери қаза тапты. Ерлігі мен батылдығы үшін қайтыс болғаннан кейін Владимир Грищенко Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Диц Иван Андреевич (1965-1984 жж.) – қатардағы, мерген. Бесқарағай ауданы Долон ауылының тумасы. Тракторист және жүргізуші курсын аяқтаған. Мектеп шағында және одан кейінгі уақытта Иван Диц спортпен шұғылданған, және Кеңес Армиясы қатарында 1983 жылғы мамырда физикалық тұрғыда шыңдалған деп танылды. Әскери іс бойынша оқу Самарқанд қаласында өтті. 1984 жылғы наурызда Ауғанстан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Демократиялық Республикасына аттанды.
1984 жылғы 20 маусымда сағат 16:00 шамасында ірі бандалық құрылыммен ұрыс болады. Иван, барлау құрамында жеке қаруымен дәл оқ атып қарсыластың оқ атуын басты. Жараланған жолдастарына көмек көрсетіп жүріп, өзі ауыр жараланады. Иван Дицтің ерлігі бағаланып, қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Дүйсембаев Бақытбек Қуанышұлы (1965-1985 жж.) – қатардағы, мерген. Үржар ауданы Тасарық ауылының тумасы. 1983 жылғы қарашада Кеңес Армиясының қатарына шықырылып, 1984 жылғы сәуірде Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Ауған жерінде 86997 әскери бөлімінде борышын өтеген. Атудағы дәлдік пен табыс оған жақсы мерген болуға мүмкіндік берді. Көтерілісшілермен ауыр ұрыста ауыр жараланып, 1985 жылғы 24 қарашада қайтыс болды.
Елшібаев Талғат Семейханұлы (1962-1981 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Шақаман ауылының тумасы. Мектепті аяқтап комбайншы болып жұмыс істеген. Бірнеш мәрте Жаңасемей аудандық коммунистік партиясы, аудандық атқарушы комитеттің алғыс хаттарымен марапатталған. 1980 жылғы сәуірде Кеңес Армиясының қатарына шықыртылып, 1981 жылғы шілдеден бастап Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалист-жауынгер борышын өтеді. 1981 жылғы 15 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
Қадырманов Ермек Қасенұлы (1965-1984 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Бұрынғы Жаңасемей ауданы Сарыапан ауылының тумасы. Семейдегі 19 мемлекеттік кәсіптік-техникалық училищесін аяқтаған. Әскери қызметке 1983 жылғы 16 мамырда шақыртылып, сол жылғы шілдеде Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Ермек Қасенұлы бірнеше мәрте әскери бөлімдер мен құрамалардың әскери операциялар жүргізуге арналған әскери мүліктерін жеткізуге қатысқан. 1984 жылғы 1 маусымда әскери топ қатарында жауынгерлік операцияны орындауға қатысты. Ермек қатысқан топ көтерілісшілер бандасының көзін жойды. Ермек Қадырманов бірнеше дұшманның көзін жойып, банда басшысын ұстауға белсенді қатысты. Бандадан қалған дұшмандардың ізіне түсіп, оларды қуу кезінде өлтіріледі. Ерлігі мен батылдығы үшін қаза тапқаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Қалиасқаров Аманбек Сансызбайұлы (1965-1985 жж.) – кіші сержант, сапер. Аягөз ауданы Шыңғожа ауылының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін Аягөз ауданындағы «Нарын» совхозында тракторист болып жұмыс істеген. 1983 жылы қазанда Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, 1984 жылғы сәуірде Ауғанстанның Баграм қаласына жолданады. Бірнеше мәрте жергілікті жерді минадан тазалауға қатысқан. 1985 жылғы 8 маусымда, автомобиль қозғалысын қамтамасыз ету жасағы құрамында саперлер тобымен жолды минадан тазалады. Жұмыс жасау кезінде көтерілісшілер саперлерді атқылады, нәтижесінде Аманбек Қалиасқаров ауыр жараланды. Қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Қалтаев Қалел Молдағалиұлы (1961-1982 жж.) – қатардағы, танк экипажының мүшесі, оқтаушы. Бесқарағай ауылының тумасы. Мектептен кейін Қарағанды облысы Саран қаласындағы «Дубовская» шахтасында кенші болып жұмыс істеген. 1981 жылғы сәуірде әскер қатарына шақыртылып, сол жылғы маусымда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Бірнеше мәрте автоколонналарды алып жүруге, жауынгерлік іс-әрекеттерге қатысты. 1982 жылғы 25 қаңтарда Қарақамар мекені жанында танк экипажы атыс алаңынан автоколоннаның шығуын қамтамасыз етті. Қалел Қалтаев жауынгер жолдастарын жау оғынан жауып қаза тапты. Ерлігі мен батырлығы үшін қайтыс болғаннан кейін Қалел Қалтаев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Катаев Юрий Тимофеевич (1963-1983 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Семей қаласының тумасы. Мектеп жанындағы әскери автомектепте оқыды. Мектепті аяқтағаннан кейін 3-автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеді. 1981 жылғы қазанда Кеңес Армиясы қатарына шақыртылып, сол жылғы желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. 1983 жылғы 1 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында Юрий Катаев қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін «Интернационалист-жауынгерге ризашылығын білдірген ауған халқынан» медалімен марапатталды.
Кузьминов Федор Афанасьевич (1967-1987 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Үржар ауданы Айтбай (бұрынғы Южный) ауылының тумасы. Кеңес Армиясы қатарына 1985 жылғы қараша шақыртылып, 1986 жылғы қаңтарда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Әскери қызметті орындауда өзін тек оң қырларынан көрсете білді. Әскери бөлімнің қоғамдық өміріне, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға белсенді араласты. Ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, 1987 жылғы 14 сәуірде алған жарақаттан қайтыс болды.
Лебаев Марат Төлеуғазыұлы (1964-1983 жж.) – сержант, БМП көздеуші-операторы. Семей қаласының тумасы. Мектептен кейін М.И.Калинин атындағы ет-консерві комбинатында жұмыс істеді. 1982 жылғы қарашада Кеңес Армиясының қатарына шақырылады. 1983 жылғы ақпаннан бастап Ауғанстан Демократиялық Республикасында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді.
1983 жылғы 17 мамырда ірі банды құрамаларын жою бойынша жауынгерлік операцияларды жүргізу кезінде өзінің жауынгер әріптестерімен берге көтерілісшілер шоғыранған қышлақты қоршауда ұстады. Ұрыс кезінде Мараттың өзі төрт дұшманды өлтірді. Бұл оның соңғы ұрысы болды. Офицерлер, сержанттар мен солдаттар ата-анасына былай деп жазған еді: «… Біз бейбіт халықты тонап, өлтірумен айналысқан, кеңестік көліктерге шабуылдар жасаған банданы қудық. 17 мамырда таңертең, Логар өзені тұсында Булусвали қышлағы үшін дұшмандармен соғыс кезінде сіздердің ұлдарыңыз ерлікпен қаза тапты».
Интернационалдық борышын орындау кезінде ерлігі мен батылдығы үшін, Марат Лебаев қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Интернационалист-жауынгерге ризашылығын білдірген ауған халқынан» медалімен марапатталды.
Матяш Анатолий Федорович (1952-1986 жж.) – гвардия капитаны, саперлік рота командирі. Семей қаласының тумасы. Оқушылар арасында үздік білімімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленген. Бастауыш сыныптан бастап мектептің және Семей қалалық комсомол комитетінің грамоталарымен марапатталған. Мектепті аяқтағаннан кейін Тюмен жоғарғы әскери-инженерлік командалық училищесіне оқуға түсті. Мектепте де, училище де, содан кейін Кеңес Армиясының қатарында да Анатолий Федерович тұйық принципшіл болды. Аға ұрпақтың әскери даңқының лайықты мұрагері болды. Екі баласы бар, жас офицер әскери және интернационалдық борышын адал атқарды.
1986 жылғы сәуірде 5-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 68-ші инженерлік-саперлік батальонының саперлік ротасының командирі лауазымында Ауғанстан Демократиялық Республикасына жіберілді. Бірнеше мәрте жауынгерлік операцияларға қатысты, ауданды миналардан тазарту бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындауды шебер ұйымдастырды. 1986 жылғы 9 қыркүйекте Хинабад қышлағын жаулап алған және оған баратын барлық жолдарды миналаған дұшмандармен ұрыс кезінде, капитан Матяштың ротасы жау оғының астында миналардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бандалық құрылым қышлақтан шығарылды. Жауынгерлік тапсырманы орындап бөлімше лагерге қайтып келе жатты. Капитан Матяш отырған бронетранспортер минаға жарылды. Анатолий Федерович ауыр жарақат алды. Әскери госпидальға эвакуациялау кезінде тікұшақ ішінде көз жұмды.
Интернациолналдық борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін, қайтыс болғаннан кейін гвардия капитан А.Ф.Матяш Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығуына 10 жыл» медальдарымен марапатталды.
Мусинов Нұрбек Александрұлы (1963-1982 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Семей қаласының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін асбоцемент өнімдері зауытында жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп әскери-техникалық мектепте оқып, жүргізуші біліктілігін алды. 1981 жылғы қазанда Нұрбек Мусинов Кеңес Армиясының қатарына шықырылды. Сол жылғы 11 қарашада Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды және 93981 әскери бөлімінде әскери қызмет өткерді. 1982 жылғы 3 сәуірде Герат тауы маңында кезекті тапсырма орындаудағы автоколоннаға дұшмандармен шабуыл жасалды. Жау оғынан Нұрбек Мусин басқарған көлік өртенді. Атысқа ыңғайлы жерді таңдап, Нұрбек автоматтан оқ атып басқа көліктердің аман шығуын қамтамасыз етті. Осылайша өзге көліктердің шығуына жол ашты, бірақта осы құрсаудан өзі шыға алмай ауыр жарақат алып, қаза тапты. Ерлігі мен батырлығы үшін, қайтыс болғаннан кейін Нұрбек Мусинов Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Нұғыманов Қуанышхан Кеңесханұлы (1961-1981 жж.) – қатардағы, жүргізуші. Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының тумасы. Қарауыл ауылындағы 19 кәсіптік-техникалық училищені аяқтаған. Техник-механизатор мамандығын алып Абай ауданындағы М.Әуезов атындағы совхозда жұмыс істеді. 1980 жылғы маусымда әскер қатарына шақыртылып, 1981 жылғы қаңтарда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Оқ-дәрі және азық-түлік тасыды. 1981 жылғы 25 сәуірде автоколоннаға жасалған шабуылға қарсылық білдіруде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Нұрғалиев Мейрам Саматұлы (1967-1987 жж.) – қатардағы, пулеметші. Абай ауданы Сарғалдақ ауылының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін Семей цемент зауытында жұмыс істеді. 1987 жылғы мамырда әрекет етуші әскер қатарына шақыртылып, сол жылғы қазанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. 1987 жылғы 24 желтоқсанда Мейрам Нұрғалиев кезекшілік өткеріп жүрген Турагунди маңындағы күзет заставасына күтпеген жерден шабуыл жасалды. Мейрам дереу әрекет етіп, жеке қаруынан оқ жаудырып, бірнеше дұшманның көзін жойды. Бірақ өзі ауыр жарақат алды. 27 желтоқсанда алған жарақаттан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін Мейрам Нұрғалиев қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Оспанов Мұхтар Занелұлы (1961-1982 жж.) – ефрейтор, аға механик-жүргізуші. Жарма ауданы Қалбатау (бұрынғы Георгиевка) ауылының тумасы. 1980 жылғы мамырда Кеңес Армиясының қатарына шақыртылып, алғашқы бір жылын өз елінде өткерді. Мінсіз қызметі үшін 1981 жылғы қазанда қысқа мерзімді демалыспен марапатталды. Демалыстан кейін Мұхтар Оспанов Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды.
Әскери қызметінің соңында, 1982 жылғы 12 мамырда, Фаряб провинциясының Вунчалак қышлағы маңында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде автоколонна оққа ұшты. Мұхтар Оспановтың көлігі гранатометпен атқыланды, өзі жараланды, бірақта көлікті атыс аймағынан алып шықты. Ұрыс алаңынан эвакуациялау кезінде қайтыс болды. Мұхтар Оспановтың ерлігі бағаланып, қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Разақов Нұрсұлтан Орақбайұлы (1960-1980 жж.) – кіші сержант, танк командирі. Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылының тумасы. Мектепте үздік болды, мектептің комсомолдар ұйымына жетекшілік жасады. Совхозда жұмыс істеді. Әскерден кейін Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға тапсырғысы келді. 1979 жылғы 10 сәуірде Кеңес Армия қатарына шақыртылды және сол жылғы желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Жауынгерлік операцияларға қатысты, білікті басқару қабілетімен танк экипажының жауынгерлік тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етті.
1980 жылғы 6 тамызда сағат 16:00 шамасында танк экипажы бақылауда болды. Хасанханкель мекені жанында жаумен кездесіп, Нұрсұлтан басшылыққа хабарлап, ұрысқа түсті. Экипаж жаудың үш оқ ату көзін жойды, осылайша жаудың оғын өзіне бұрды. Ұрыс кезінде танк қатты зақымданды, Нұрсұлтан Разақов ауыр жараланды. Интернационалдық борышына адалдығы және ерлігі үшін Нұрсұлтан Разақов қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Рехтик Вадим Олегович (1968-1988 жж.) – ефрейтор, пулеметші. Семей қаласының тумасы. Мектепті аяқтағаннан кейін аяқ-киім фабрикасында жұмыс істеді. 1987 жылғы мамырда Кеңес Армиясының қатарына шақыртылып, сол жылдың тамызында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. 1988 жылғы маусымда Джалалабад және Гордез гарнизонынан әскерилерді шығару бойынша жауынгерлік операцияға қатысты. Ефрейтор Рехтик қызмет еткен танк взводы Баграм қиылысы маңында техникалық көмек көрсететін пунктті күзету бойынша тапсырмаларды орындады.4 маусымда көтерілісшілер пунктті жаулап алу және жойып жіберу үшін тағы бір мәрте шабуыл жасады. Кезекшілікте болған Вадим Рехтик бірінші болып жау күшін көрді. Оны взвод командиріне баяндап, көзделген оқ атып, жаудың екі оқ ату нүктесін және 7 адамнан тұратын тобын жойды. Осы ұрыста Вадим Рехтик ауыр жараланды. Вадим Рехтиктің ерлігі бағаланып, қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Сорокин Николай Иванович (1947-1986 жж.) – подполковник, ауған армиясының жаяу әскерлер полкі командирінің әскери кеңесшісі. Горьков облысы Урей ауылының тумасы. 1962 жылдан бастап Семей қаласында тұрды. КСРО ҚК қатарында 1965 жылдан бастап. В.И.Ленин атындағы Ташкент жоғарғы жалпыәскерлердің командалық училищесін және М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны аяқтаған. Ауғанстан Республикасында 1986 жылғы сәуірден. Полктің ұрыс қимылдарын жоспарлау және жүргізуге қатысты. 1986 жылғы 29 мамырда командалық пунктті атқылау кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Николай Иванович Сорокин Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
Суворкин Сергей Николаевич (1962-1982 жж.) – қатардағы, барлаушы. Семей қаласында тұрған. Бала күнінен бастап жан-жақты спортпен айналысқан, ал политехникалық техникум қабырғасында жүйелі түрде қалалық, облыстық жарыстарға қатысқан. Шыныққан, Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет өткеруге дайындалған.
1981 жылғы сәуірде әскер қатарына шақыртылып, сол жылғы тамызда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды. Жауынгерлік іс-қимылдарда батылдығымен ерекшеленді. 1982 жылғы 16 қаңтарда Сергей болған автоколоннаға Карабах тұсында дұшмандар гранатометтен және автоматтық қарулардан оқ жаудырды. Сергей пулеметтен жауға қарсы оқ атып, жаудың екі ату пунктін жойды. Өртке оранған көліктерден әріптестерін эвакуациялауда ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Ерлігі үшін Сергей Суворкин қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
Тухтабаев Галиаскар Амирович (1959-1980 жж.) – ефрейтор, БМП көздеуші-операторы. Семей қаласында тұрған. 74 Семей кәсіптік-техникалық училищесін аяқтағаннан кейін «Казэлектросетьстрой» басқармасында электр жөндеуші болып жұмыс істеді. 1978 жылғы қарашада әскер қатарына шақырылды. Галиаскар Тухтабаевтың әскери қызметі ҚырғызКСР-дағы 23717 әскери бөлімінде басталды. 1979 жылғы желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерді Ауғанстан Демократиялық Республикасына жолданды.
1980 жылғы 20 шілдеде Захарак кенті маңындағы ұрыста өз пулеметімен жаудың 8 адамын жойды. Ауыр жараланды, алайда ұрыс алаңын тастап кетпеді, толық жеңіске жеткенше атысты жалғастырды. Ұрыс аяқталғаннан кейін көз жұмды. Ерлігі үшін және ұрыс алаңында шешушілік танытқаны үшін Галиаскар Тухтабаев қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен, «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығуына 10 жыл» медалімен марапатталды.
Сол сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тауып, алған жарақаттарынан қаза тапқан жерлестерімізді еске аламыз. Олардың рухтары алдында бас иеміз. Олардың есімдерімен біздің қаламыздағы көшелер аталып, 2003 жылы Семей қаласында Ауған соғысындағы батырларға арналған монумент тұрғызылды, жыл сайын спорттық және мерекелік шаралар өткізіледі.
Тоқта, өтіп баражатқан, үндеме,
Олар да сен сияқты болды ғой,
Біздің еске алып, жаққан әр шамымыз,
Жылытсын олардың жандарын.
Біз оларды ұмытпаймыз,
Біз оларды естен шығармаймыз,
Ұрыста құлап, жарақат алып,
Мәңгілікке жас боп кеткен,
Ауған жері олар үшін тозақ болған,
Ағалардың есімі есімізде мәңгі болсын (авторы белгісіз, орыс тілінен аударылған).
Semeynews.kz