ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпанда Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған. Автобус ішінде жұмысшылар болған. ӨБ-32 қызметкерлері Кунг көлігімен оқиға орнына шығып, аудандық полиция бөлімімен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 53 адамды Қалбатау ауылына эвакуациялады және жұмысшылар сол жердегі спорт мектебіне орналастырылды.
“11 ақпанда, таңертең ерте Аягөз өзенінен өту кезінде Ауди С4 және ИЖ көліктері тұрып қалған. Көліктердің ішінде 4 адам болған. Құтқарушылар автокөліктерді судан сүйреп алып шығып, Аягөз қаласына дейін жетулеріне көмектесті”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Semeynews.kz