ҚоғамҚұрылысСемейТОП

2024 жылы Семейдегі көпір қандай болады

Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz

Аталған жоба ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Семей жұртшылығымен өткен кездесуі барысында көрсетілді. Жобадағы суретке көз салсақ ескі көпірдің жанынан тағы бір көпір бой көтереді.

Көпірдің ұзындығы 1 350 метр, ені – 22 метр. Жаңа көпірде 4 жолақ болады, олардың әрқайсысының ені – 3,5 метр.

Айта кетейік, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Көпірді қайта құруға 2 жыл уақыт керек. Жоба 2022 жылдан 2024 жылға дейін іске асырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button