ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 61 жастағы Семей тұрғыны жалпы салмағы 4,73 грамм «гашиш» есірткі құралын 36 жастағы ер адамға 8000 теңгеге сату барысында ұсталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын сотты болған.
“Күдіктінің пәтерін тінту кезінде балконнан бір полимер түйіншек және өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар бес қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, асүй бөлмесінің терезесінің алдында ерекше иісі бар жасыл түсті қатты зат, бір қағаз түйіншек табылды және алынды, тоңазытқыштан жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар бір полимерлі түйіншек табылды және алынды. Сонымен қатар, балконның терезесінің алдында пластикалық пакеттерге салынған жасыл түсті ұнтақты зат бар пластикалық контейнер табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес табылған заттар жалпы салмағы 169,29 грамм «гашиш» есірткі құралы болып табылады.
Қазіргі таңда қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомтсво хабарламасында.
Аталған баптың санкциясында 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Semeynews.kz