ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Заңнан бой тасалаған елордалық Өскеменде ұсталды

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан полициясымен іздеудегі ер адам Шығыс Қазақстан облысының орталығында ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың 27 жастағы тұрғыны 2020 жылы Өскемен қаласының көтерме сауда базарларының бірінен құны 120 000 теңгеге бағаланған 10 қорап тауық етін ұрлап, тәртіп сақшыларының қолына түскен. Кейін күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алайда, қаскөй жасаған қылмысы үшін берілген жазадан бой тасалап, ұрлық жасаған қалаға келіп қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінен жасырынған. ШҚО ПД криминалдық полициясының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде жазадан жалтарған қаскөй қайтадан ұсталып, қамауға алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button