ҚоғамСемейТОП

Семейде биылғы жылы 417,1 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

Толығырақ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Салия Жұмабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • 2022 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен құны 57,8 млрд.теңге болатын 4 716 пәтерге арналған 417,1 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда тұр. Жыл қорытындысы бойынша 256 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрғандар үшін Қарағайлы ықшам ауданынан 128 жалдамалы пәтер берілді. Оның ішінде 32 көп балалы отбасы, 71 әлеуметтік жағынан осал топтар, 25 жетім балалар бар,-деді Салия Жұмабаева.

Сонымен қатар, биыл 28 үй бой көтереді.”Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы аясында салынған тағы 30 пәтерді 1 наурызға дейін “Шаңырақ” және “Әскери баспана” бағдарламалары бойынша беру жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button