ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Аягөз қаласында 4 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына келген құтқарушылар барлық пәтерлерді аралап, 8 адамды эвакуациялады, соның ішінде 2 бала. Тұрғын үйдегі бос тұрған пәтер дәлізінің ағаш қабырғасы өртенген. Құтқарушыцлармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдығын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отты абайсыз пайдалану.
Тағы бір өрт оқиғасы Глубокое ауданында орын алды. Аудан орталығында Юбилейная көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің жатын бөлмесіндегі терезе, есік блогтары, жиһазы, жеке заттары өртенген. Құтқарушылармен 15 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқарушылармен жедел түрде қауіпті аймақтан 21 адам эвакуацияланды, соның ішінде 3 бала бар.
Өскемен қаласында Чернов көшесі бойындағы үйдің қабырғасы, шатыры, сондай-ақ үйге жанама орналасқан шаруашылық құрылыстың ағаш бөліктері өртенді. Өртке қарсы арақашықтықтың болмауына байланысты өрт көрші тұрған шаруашылық құрылысына шарпыған. Құтқарушылармен 85 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.
Semeynews.kz