ҚоғамСемейТОП

Семейде тұрақтандыру қорының тоғыз павильоны жұмыс істейді

Семейде тұрақтандыру қорының тоғыз павильоны жұмыс істейді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлеуметтік-маңызды азық-түліктер бағасына үнемі мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қаланың кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Әмина Сыздықова айтып берді.

  • Бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі, сауда нысандарымен 15%-дан аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы меморандум жасалды. Аймақтық тұрақтандыру қорымен қала үшін 2021-2022 жылдарға арналып 3100 тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынды, соның ішінде картоп – 1500 тонна, көкөністер – 1600 тонна, – деп тоқталды Әмина Сыздықова.

Павильондар келесі мекенжайларда орналасқан: Әуезов даңғылы («Семей» СҮ жаны), Шығыс кенті («Қамбар» дүкенінің жаны), Энергетик кентіндегі аялдама жанында, Юность көшесі (№ 9 үйдің жанында), 342-квартал («Мереке» дүкенінде), 14-ықшам ауданы (2-Школьная көшесі 1б үйінің жанында), Би Боранбай, Шымкент көшелері («Дина» дүкенінде), 1-ықшам ауданы («Шыңырақ» дүкенінің жанында).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button