ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да жыл басынан бастап алимент төлемей жүрген 50 азамат анықталды

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бастап алимент төлемей жүрген 50 тұлға анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күршім ауданының полиция бөліміне жеке сот орындаушылардан алимен төлемей жүрген 31 жастағы тұрғынға іздеу салу туралы өкім түсті. Аталған азамат кәмелетке толмаған балаларына алимент төлемей жүрген, қарызының мөлшері 1 500 000 теңге.

“Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкрелерімен қысқа мерзім ішінде алимент төлемеушінің Қостанайда тұратыны анықталды. Қарызды өндіріп алу үшін материалы сот орындаушылардың өңірлік палатасына жолданды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Жыл басынан бастап полицейлермен 50-ден астам алимент төлемеушілер анықталды. Көші-қон қызметі атқарушы органның өкімін орындамағаны үшін әкімшілік (ҚР ӘҚК 669-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК 139-бабы) жауаптылыққа тартылатынын ескертеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button