ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік әйел 500 мың теңгеге алданды

Семейлік әйелді жарты миллион теңгеге алданған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 жастағы әйел бейтаныс әйелге зейнетақы қорына ақша аудару туралы уәдесіне сеніп 503 000 теңгесінен айырылған. Сол беті ақша берген әйелдің зейнетақы қорындағы есебі ұлғаймаған, содан кейін барып ол арызбен жүгінген.

“Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 44 жастағы жергілікті әйел ұсталды. Сұрау алу барысында ол өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Егер әйелдің кінәсі делелденетін болса, онда ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button