Өткен дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде болып, Абай атындағы мешітке барды. Сапар барысында аталған аумақта қатымхана мен діни сауат ашу орталығын салу жоспарланғаны белгілі болды.
Облыс басшысына жаңа нысанның жобасы таныстырылды және мешіттің оңтүстік бағытында жаяу жүргіншілердің жер үсті өткелі салынатыны айтылды.
Semeynews.kz