
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтарында Орталық ПБ 22 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өткен жылдың қараша айының соңында оның танысы қаладағы ЖШС-лардың бірінде оның атына жалпы сомасы 400 мың теңгені құрайтын онлайн-несие рәсімдегеніне арыз білдірген.
“Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкрелерімен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Сұрау алу барысында кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz