ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті сақтаған шетелдік азамат жазасын өтеуде

Ресейлік азамат Қазақстан аумағына заңсыз келіп, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді сату мақсатында қазып алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы Ресей азаматы Қазақстан Республикасы аумағында, Қатонқарағай ауданына жақын жердегі Бұхар тауының жанында ҚР Қызыл кітабына енген «Алтын тамыр» немесе «Қызғылт семізот» (“Радиола розовая”) тамырының 265 данасын заңсыз сақтап, оны артынан сатпақ болған.

  • Біз туристік мақсатта бес күнге табиғатқа шығу үшін жол көрсетушіні жалдадық және атпен жолға шықтық. Төртінші күні жол көрсетуші тауды көрсетіп, бұл жар Қазақстан Республикасының аумағы екенін айтып, бізге бір атты тастап, адасып біздің жанымызға келген адамдарға жол көрсету үшін кері қайтып кетті. Мен ол жерден қап пен аспаптарды көріп, «Алтын тамырды» қаздым және оларды қапқа орадым, – деп айтып берді сотталушы Андрей (аты өзгертілген)

Жасаған қылмысы үшін ресейлік азамат алты айға бас бостандығынан айырылды. Колония қызметкерлері шетелдік азамат үшін жеке сәйкестендіру нөмірін әзірлеуде. ЖСН алғаннан кейін ол мекемеде мерзімін өтей жүріп жұмысқа орналаса алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button