
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында түнгі уақытта патрульдеу кезінде Үржар ауданы Мақаншы ауылының көшелерінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Mazda» автокөлігі тоқтатылды.
“Тексеру барысында аталған жүргізуші 2021 жылғы қарашада сотпен 7 жыл мерзімге сотпен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, куәландыруға сәйкес, жүргізуші орташа мас күйінде болған.
Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Semeynews.kz